---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/22/zhuerek-ajnw-bwynnyng-awyrwy-estw-qabiletin-zhoghaltw-coj-uendi-shtamynyng-qawpin-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Жүрек айну, буынның ауыруы, есту қабілетін жоғалту»: Цой «үнді» штамының қаупін айтты

![«Жүрек айну, буынның ауыруы, есту қабілетін жоғалту»: Цой «үнді» штамының қаупін айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/thumbs_b_c_29f9a2a77182bbcc1fa1bd4680cc8c0d.jpg)

**Үкіметтің онлайн-отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың «үнді» штамы туралы айтып берді, деп хабарлайды****Qazaqpress** **Nur****.****kz****-ке сілтеме жасап.**

> «Дельта» штамы анықталған штамдардан 60 пайызға жұқпалырақ. Инкубациялық кезеңі 7 күн. Зерттеулер нәтижесі «үнді» штамын жұқтырғандардың арасында басым көпшілігі аурухана түсетінінін және қайтыс болғандардың көп екенін көрсетті.
> 
> 
> 
> 
> Оның жаңа клиникалық симптомдары — буын мен іштің ауыруы, ішек қызметінің өзгеруі (жүрек айну, құсу) және есту қабілетін жоғалту», — дейді министр Алексей Цой.

Еске сала кетсек, кеше, 21 маусымда денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда «үнді» штамына тән болуы мүмкін мутация анықталғанын мәлім еткен еді.

> «Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің күрт өсуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. Скрининг қорытындысына сәйкес, «Дельта» («үнді» штамы) штамына тән болуы мүмкін мутация анықталды», – дейді денсаулық сақтау министрлігі.

---

Жарияланды: 2021-06-22T12:23:20+06:00

Жаңартылды: 2021-06-22T12:23:20+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/22/zhuerek-ajnw-bwynnyng-awyrwy-estw-qabiletin-zhoghaltw-coj-uendi-shtamynyng-qawpin-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.