Түркістан облысының полицейлері бүгін Төле би ауданына қарасты «Сайрам-Өгем» шатқалында табылған туристің мәйітін туыстарына тапсырды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстың полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті туристің соңғысы табылғанын хабарлады. Жоғалған студенттердің бірінің туысы мүрдені танығанын айтты.
Еске салайық, 25 мамырда Түркістан облысының тауларында жеті туристің жоғалғаны белгілі болды. Олар екі топқа бөлінген.
28 мамырда тікұшақпен үш адам тірі табылды. Олардың екеуі 1999 жылғы және біреуі — 2000.
29 мамырда құтқарушылар тағы екі туристің мәйітін тапты. Жоғалған студенттердің бірі 12 маусымда өлі табылды.
Құтқарушылар бүгінге дейін туристердің соңғысын іздеп келді. Іздеу 27 күнге созылды.
Жоғалған жеті адамның алтауы Назарбаев Университетінің студенті екені белгілі.
Аталған дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз