Асқар Мамин «Спутник V» вакцинасын салдырды
Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Qazaqpress.
Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілген «Спутник V» препаратын салдырған.
«Вакцина алғаннан кейінгі Асқар Маминнің денсаулығы жақсы, жанама әсерлері байқалған жоқ», — делінген баспасөз хабарламасында.