---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/20/aqtoebe-oblysynda-zhol-apaty-bolyp-eki-mektep-direktory-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбе облысында жол апаты болып, екі мектеп директоры қаза тапты

![Ақтөбе облысында жол апаты болып, екі мектеп директоры қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_83275.jpeg)

**Ақтөбе облысында екі мектеп директоры жол апатынан қаза тапты****, деп хабарлайды****Qazaqpress Mgorod.kz****-ке сілтеме жасап.**

Тағы екі мектеп директоры аудандық ауруханада жатыр.

Басылым мәліметінше, №20 мектеп директоры Бағдат Орынбаева мен № 33 мектеп директоры Альмира Орақова Ақтөбе-Ойыл тасжолында 19 маусымда болған жол апатынан қаза тапты. Тағы екі мектеп директоры — №25 мектептің директоры Шолпан Баяділова және Жаңа орта мектептің директоры Ақгүл Қисықова Ойылдағы аудандық ауруханаға жеткізілген.

Педагогтердің әріптестерінің сөзінше, мектеп директорлары Ойыл ауданындағы қасиетті жерлерді аралап келуге кеткен. Қайтар кезде жол апаты болған.

Бағдар Орынбаеваның артында 20 және 6 жастағы екі қызы қалды. Альмира Орақова тұрмысқа шықпаған, ағасымен және әкесімен тұрған.

---

Жарияланды: 2021-06-20T08:43:22+06:00

Жаңартылды: 2021-06-20T08:43:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/20/aqtoebe-oblysynda-zhol-apaty-bolyp-eki-mektep-direktory-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.