Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Алматыда үш адамды фонтандағы ток соқты

Агзам Текенов by Агзам Текенов
20 июня, 2021
Алматыда үш адамды фонтандағы ток соқты
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Алматыда екі қыз бен анасын фонтандағы ток соқты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Бұл туралы қала тұрғыны Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

Әйел адамның сөзінше, ол балаларымен Алматы циркі маңындағы фонтанда демалып отырғанында аяқ киімін шешіп, аяғын фонтанға салайын деп жатқан екі кішкентай қызды көрген.

— Бір уақытта сол маңдағы кішкентай 2 қыз аяқ киімдерін шешіп, аяқтарын суға салмақ болып отырғанын көрдім. Әп-сәтте байқамай қалдым, екі қыз ортадағы темірге қадалып қалды. Оларды шығарам деп анасы да сол темірге жабысып жатты. Дыбыстары да шықпай, серейіп қалғандарынан ток ұрғанын ұқтым. Тезірек жанымдағы адамдарды шақырып, «көмектесіңдер» деп айқайладым. Мен сияқты суға түсуге көп адамның жүрегі дауаламады.

Сол кезде осы Абылай деген жігіт өзін ток соғып жатса да, кезек-кезек оларды судан шығарды. Үшінші қызды басқа бір ересек азамат шығарып алды. Себебі ток ұра бергеннен Абылай да әлсіреп қалды, — дейді Үкілай Бестай.

Оның сөзінше, бірінші қыз тез есін жиды.

— Екінші қызды бірден шөптің үстіне жатқызып, кеудесінен басып-басып есін жиғыздық. Олардың анасын асфальттің үстінде кеудесін басып, суын шығарып есін жиғызған еді, кейін қайтадан көгеріп кетті. Сонда да осы Абылай және видеодағы азамат соңына дейін анасы мен қызының өмірі үшін күресін тоқтатпады. Бірінші аман қалған қыз Талдықорғаннан келіпті, анасының құрбысы лагерден алып 4 баланы қыдыртып жүрген екен. Жазым деген аяқастынан деген осы. Қатты шок алдық. Анасы аман қалса екен деп тілеп отырмын. Өзімнің жанымда кішкентай 5 бала бар еді. Қарбаласта Абылайдың толық аты-жөнін сұрамаппын. Мемлекет осылай өз өмірін қауіпке тіккен бұл жігітті батырлығы үшін марапаттауы керек-ау, — дейді алматылық.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Кейінгі тәулікте 1119 адамнан коронавирус анықталды

Келесі жаңалық

Бурабайда бес адам мінген қайық аударылды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Бурабайда бес адам мінген қайық аударылды

Бурабайда бес адам мінген қайық аударылды

Екі облыста карантин режимі күшейтілді

Қазақстанда өткен тәулікте 930 адам коронавирусқа шалдыққан

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жамбыл облысында полицейлер 280 келіге жуық есірткіні тәркіледі

Жамбыл облысында полицейлер 280 келіге жуық есірткіні тәркіледі

10 июля, 2023
«Әлем чемпионатынан кейін Мессиді жапқанмен тең»: Перуашев Козачков жайында

«Әлем чемпионатынан кейін Мессиді жапқанмен тең»: Перуашев Козачков жайында

19 декабря, 2022
Жер сілкінісі кезінде қалай қорғану керек

Алматы маңында бір түнде алты жер сілкінісі болды

25 января, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.