---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/20/almaty-oblysynda-koelik-apatynan-7-adam-mert-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды

![Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/210619233553292e.png)

**Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Жантүршігерлік жағдай «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолында болған.

> «19 маусым күні сағат 18:45 шамасында «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 134-шақырымында жол көлік апаты болды. Байсейіт ауылының маңында «Toyota Rav-4» және «Audi C4» көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі адам Шелек ауылындағы ауруханада көз жұмды. Қаза болғандар арасында 16, 13, 8 жастағы балалар мен 4 айлық сәби бар. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік апатына не себеп болғаны тергеу барысында анықталады», — делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми берген хабарламасында.

---

Жарияланды: 2021-06-19T20:22:03+06:00

Жаңартылды: 2021-06-19T20:22:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/20/almaty-oblysynda-koelik-apatynan-7-adam-mert-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.