---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/19/tarazda-zhezoeksheler-pritony-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Таразда жезөкшелер притоны анықталды

![Таразда жезөкшелер притоны анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/2106191300005360g.jpg)

**Жамбылдық полицейлер арнайы шара барысында жезөкшелер притонын анықтады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

«Стоп-Трафик» жедел- алдын алу іс-шарасының алғашқы күні Тараз қаласының сауықтыру кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 36 жастағы әйелді ұстады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

> «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 12 адам әкімшілік жауапқа тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 1 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды», — делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Профилактикалық есепке «сутенер» санаты бойынша 1 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 1 әйел қойылды.

 

---

Жарияланды: 2021-06-19T09:14:25+06:00

Жаңартылды: 2021-06-19T09:14:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/19/tarazda-zhezoeksheler-pritony-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.