---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/17/qasym-zhomart-toqaev-atyraw-munaj-oengdew-zawytynyng-zhumysyn-syngha-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды

![Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/kmo_171497_00095_1_t218_075713.jpg)

**Газ саласын дамыту жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ жеткізуші кәсіпорын – Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Жаңғырту жұмыстары 2018 жылы аяқталғанына қарамастан, кәсіпорын жұмысында әлі де іркілістер бар. Нәтижесінде, мұнай өнімдерінің барлық түрі бойынша өндіріс көлемі кеміп, соның ішінде, сұйытылған газ азайып кетті. Бұл жанармай құю станцияларындағы тапшылыққа және бағаның шарықтауына алып келді. Осыған байланысты Үкіметке сұйытылған газға деген сұраныстың арту перспективасын зерттеп, оны өндірудің қосымша қуат көздерін іздестіру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын. Газ тарату жүйесіне қатысты мәселені жеке қарастыру қажет. Қазіргі уақытта аталған процесс жабық әрі түсініксіз жағдайда іске асырылады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың етек жаюына алып келеді. Тиімсіз делдалдарға жол бермеу және нарық бағасын қалыптастыру мақсатында электронды сауда алаңдары енгізілді. Олардың әлеуетін барынша пайдалану керек. Мемлекеттік органдар мен бизнес жаңа тәртіпте жұмыс істеуге бейімделуі тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

---

Жарияланды: 2021-06-17T14:59:21+06:00

Жаңартылды: 2021-06-17T14:59:21+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/17/qasym-zhomart-toqaev-atyraw-munaj-oengdew-zawytynyng-zhumysyn-syngha-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.