---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/16/nazarbaev-lwkojl-kompaniyasynyng-basshysyn-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Назарбаев «Лукойл» компаниясының басшысын қабылдады

![Назарбаев «Лукойл» компаниясының басшысын қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/210331205749567e.jpg)

**ҚР Тұңғыш Президенті – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қордың Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев пен «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовты қабылдады,** **деп хабарлайды****Qazaqpress****Elbasy.****kz****-ке сілтеме жасап.**

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары талқыланды.

> «Сіздің компания — Қазақстанда бұрыннан келе жатқан әрі ірі инвестордың бірі. Теңіз, Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарында жұмыс істейсіздер, Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымдық жобасына қатысудасыздар», — деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару кеңесінің төрағасы.

Вагит Алекперов Елбасыға бірлескен жобалар, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орындарын игеру арқылы Қазақстан экономикасына бағытталатын инвестиция көлемін ұлғайту жөніндегі жоспарлары туралы айтты.

---

Жарияланды: 2021-06-16T05:30:28+06:00

Жаңартылды: 2021-06-16T05:30:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/16/nazarbaev-lwkojl-kompaniyasynyng-basshysyn-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.