Назарбаев «Лукойл» компаниясының басшысын қабылдады
ҚР Тұңғыш Президенті – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қордың Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев пен «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары талқыланды.
«Сіздің компания — Қазақстанда бұрыннан келе жатқан әрі ірі инвестордың бірі. Теңіз, Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарында жұмыс істейсіздер, Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымдық жобасына қатысудасыздар», — деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару кеңесінің төрағасы.
Вагит Алекперов Елбасыға бірлескен жобалар, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орындарын игеру арқылы Қазақстан экономикасына бағытталатын инвестиция көлемін ұлғайту жөніндегі жоспарлары туралы айтты.