---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/16/arman-qozhahmetov-maezhilis-komitetining-toeraghasy-bolyp-sajlandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Арман Қожахметов Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды

![Арман Қожахметов Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_83123.jpeg)

**Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — «Қазақстан Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға сәйкес, бұл қызметке депутат Арман Қожахметовтың кандидатурасын ұсынамын. Білікті әрі сауатты заңгер Арман Төлешұлын сіздер жақсы білесіздер, ол осы салада ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Ол үш шақырылымның депутаты, соның ішінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болған, осы комитеттің жұмысын жақсы біледі, жеткілікті тәжірибесі мен білімі бар. Арман Төлешұлының кандидатурасы қызметке тағайындауға сәйкес келеді деп есептеймін, — деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның жалпы отырысында.

---

Жарияланды: 2021-06-16T08:54:38+06:00

Жаңартылды: 2021-06-16T08:54:38+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/16/arman-qozhahmetov-maezhilis-komitetining-toeraghasy-bolyp-sajlandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.