Тоқаевтың жаңа штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды
Мейрам Пішембаев Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.
— Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, — делінген Қазақстан машина жасаушылар одағының хабарламасында.