---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/15/sot-bajbekting-mamajgha-talap-aryzy-bojynsha-sheshim-shyghardy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сот Байбектің Мамайға талап арызы бойынша шешім шығарды

![Сот Байбектің Мамайға талап арызы бойынша шешім шығарды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/607fd7f105ee7474522197.jpg)

**Сот Бауыржан Байбектің Жанболат Мамай мен Инга Иманбайдың үстінен жазған талап арызы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің белсенділер Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға талап-арызы бойынша азаматтық істі Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық соты қарады.

Сот жауапкерлер талап қоюшы Бауыржан Байбектің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер таратты деп таныды және жауапкерлерді шешім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде жарияланған материалдарды теріске шығарып, жоюға міндеттеді.

> «Жанболат Мамай мен Инга Иманбай әлеуметтік желілерде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкес келетінін дәлелдеген жоқ. Өз ұстанымын дәлелдеу үшін талаптың бірқатар тармағы бойынша тек әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы жазбаларға сілтемелер берілді. Олар талаптың бірқатар тармағына мүлдем қарсы болмады. Сот олар таратқан барлық ақпарат ешқандай дәлелмен расталмады және олар негізсіз деп таныды», — делінген соттың ресми хабарламасында.

---

Жарияланды: 2021-06-15T11:05:08+06:00

Жаңартылды: 2021-06-15T11:05:08+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/15/sot-bajbekting-mamajgha-talap-aryzy-bojynsha-sheshim-shyghardy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.