---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/14/almatyda-policej-zhayaw-zhuerginshini-qaghyp-oeltirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

![Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_83016.jpeg)

**Алматыда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Qazaqpress Полиция департаментіне сілтеме жасап.**

> «Полиция қызметкері Hyundai Elantra қызметтік көлігімен Өтемісұлы көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Күтпеген жерден екінші автокөлікпен соқтығысудан қашқан полицей маневр жасап, көлік жуатын орынның шығыс жағына шығып кеткен. Онда ол жаяу жүргіншіні, сондай-ақ тұрақта тұрған «Газель» көлігін қағып кеткен. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші қаза болды», — деді Алматы ПД өкілі.

Айта кетсек, дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Іс Алматы ПД анықтау басқармасының өндірісінде. Жүргізушімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-06-14T07:12:11+06:00

Жаңартылды: 2021-06-14T07:12:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/14/almatyda-policej-zhayaw-zhuerginshini-qaghyp-oeltirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.