---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/14/aejeldi-qaghyp-ketken-policiya-qyzmetkeri-kinaesin-mojyndady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әйелді қағып кеткен полиция қызметкері кінәсін мойындады

![Әйелді қағып кеткен полиция қызметкері кінәсін мойындады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_364617.jpeg)

**Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі әйелді қағып кеткен полиция қызметкерінің тергеу кезіндегі түсірілген бейне-ролигін жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Алматы қаласының ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай апаттың мән-жайын баяндап берді.

> —Мен, Бақтияр Төлеутай, Алатау облысының полициясында жұмыс істеймін. Бүгін, 14 маусымда, таңғы сағат 06.45 шамасында мен Өтемісов көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жаттым. Алда көлік солға бұрылуды көздеді, мен апаттан сақтануға тырысып, солға бұрылдым. Содан кейін мен көлік жуатын орынға кіріп, байқамай бір әйелді қағып кеттім. Мен өзімнің кінәмді толықтай мойындаймын. Марқұмның туыстарына шын жүректен көңіл айтамын»– деді полиция қызметкері.

Оқиға 14 маусымда таңертең Алатау өңірінде орын алды. Hyundai Elantra (Хендай Элантра) қызметтік көлігін басқарған полиция қызметкері Өтемісұлы көшесінің бойымен келе жатып, әйелді қағып кетіп, жай тұрған «Газель» ауыр жүк көлігіне соғылды. Апат салдарынан әйел қайтыс болды.

Оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Істі Алматы қаласы бойынша ПД Анықтау басқармасы жүргізуде. Ал көлік жүргізушісіне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-06-14T09:11:43+06:00

Жаңартылды: 2021-06-15T08:18:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Алатау обл.](https://qazaqpress.kz/tag/alataw-obl/), [апат](https://qazaqpress.kz/tag/apat/), [ПД](https://qazaqpress.kz/tag/pd/), [Полиция қызметкері](https://qazaqpress.kz/tag/policiya-qyzmetkeri/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/14/aejeldi-qaghyp-ketken-policiya-qyzmetkeri-kinaesin-mojyndady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.