---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/11/atyraw-oblysynda-bir-otbasynyng-4-adamyn-qaqqan-zhuergizwshi-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші ұсталды

![Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/210610215848638a3799550i.jpg)

**Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші ұсталды****, деп хабарлайды****Qazaqpress** **ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Айта кетсек, жол-көлік оқиғасы 31 мамырда Мақат ауданындағы Доссор кентінде болған.

> «Түнгі сағат 01:10 шамасында 1988 жылы туған жүргізуші «Toyota Sequoia» көлігімен жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 жылдары туған төрт жүргіншіні қағып кеткен. Алайда, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Осы жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізілген жедел іздестіру-тергеу амалдарының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде» -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

---

Жарияланды: 2021-06-11T08:12:31+06:00

Жаңартылды: 2021-06-11T08:13:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/11/atyraw-oblysynda-bir-otbasynyng-4-adamyn-qaqqan-zhuergizwshi-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.