---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/10/toqaev-el-azamattarynyng-quqyghy-twraly-mangyzdy-zharlyqqa-qol-qojdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев ел азаматтарының құқығы туралы маңызды Жарлыққа қол қойды

![Тоқаев ел азаматтарының құқығы туралы маңызды Жарлыққа қол қойды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_339274.jpeg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды**, **деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Атап айтқанда, адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне келесі жұмыс бағыттарын көздейтін Адам құқықтары саласындағы басым шаралар жоспарын бекіту тапсырылды:  

*— БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;*

*— адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;*

*— мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;*

*— әйелдерге қатысты кемсітуді жою;*

*— бірлесу бостандығына құқық;*

*— пікір білдіру бостандығына құқық;*

*— адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;*

*— үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;*

*— адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары.*

Жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсыну тапсырылды.

Тоқаев Жарлықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеді.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

---

Жарияланды: 2021-06-10T05:57:22+06:00

Жаңартылды: 2021-06-10T05:57:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/10/toqaev-el-azamattarynyng-quqyghy-twraly-mangyzdy-zharlyqqa-qol-qojdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.