---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/10/mangghystawdaghy-zhylqylardyng-qyrylwy-ministr-kinaeni-aekimdikterge-zhapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Маңғыстаудағы жылқылардың қырылуы: министр кінәні әкімдіктерге жапты

![Маңғыстаудағы жылқылардың қырылуы: министр кінәні әкімдіктерге жапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_82903.jpeg)

**Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Маңғыстау облысында жем-шөп аз болу себебінен жылқының жаппай қырылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап. **

Ауыл шаруашылығы министріне Маңғыстау облысында жылқылардың қырылып қалу мәселесі туралы сұрақ қойылды. «Аудандық әкімдіктер тарапынан немқұрайлық болды ма? Қарызға жем беру мәселесін ертерек қарастыруға болмас па еді?» — деді ОКҚ брифингінде БАҚ өкілдері.

> «Иә, менің ойымша, бұл аудандық әкімдіктердің олқылығы. Олар жергілікті жерлердегі жағдайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе облыс әкімдігіне қарағанда жақсы біледі. Егер олар жағдайды алдын ала ескертіп, қолдау шараларын ұсынса, Үкімет тарапынан бұл көмекті ертерек көрсететін едік», — деді Сапархан Омаров.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Маңғыстау облысында аштан азып кеткен жылқылардың суреттері талқыланып жатқаны хабарланған болатын.

---

Жарияланды: 2021-06-10T10:44:06+06:00

Жаңартылды: 2021-06-10T10:44:06+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/10/mangghystawdaghy-zhylqylardyng-qyrylwy-ministr-kinaeni-aekimdikterge-zhapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.