---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/09/almatyda-blogerdi-ayawsyz-soqqygha-zhyqqan-kuediktiler-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда блогерді аяусыз соққыға жыққан күдіктілер ұсталды

![Алматыда блогерді аяусыз соққыға жыққан күдіктілер ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_82821.jpeg)

**Алматыда полиция блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жыққан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Айта кетсек, олар Іле ауданының 19 жастағы тұрғындары болып шықты.

Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кетті деген күдіктілердің ұсталғаны туралы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов Facebook-парақшасында жазды.

> — Шабуыл жасағандардың жеке басы бірден анықталды. Күні бойы жедел және арнайы шаралар кешені өткізілді, соның арқасында күдіктілердің екеуі де ұсталып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары. Екеуі де жұмыссыз, 2002 жылғы. Қазіргі уақытта заттай дәлелдеме ретінде жәбірленушінің ұялы телефоны өткізілген орын анықталып жатыр, — деп жазды Рүстем Әбдірахманов.

---

Жарияланды: 2021-06-09T05:08:03+06:00

Жаңартылды: 2021-06-09T05:08:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/09/almatyda-blogerdi-ayawsyz-soqqygha-zhyqqan-kuediktiler-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.