Владимир Путин премьер-министр Асқар Маминді марапаттады

Владимир Путин премьер-министр Асқар Маминді марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминді марапаттады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Ресей президентінің жарлығы ресми интернет-порталда жарияланды.

— Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Достық орденімен марапатталсын, — делінген жарлықта.