---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/08/tomiris-bajsafany-oeltirw-isinde-uekim-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Томирис Байсафаны өлтіру ісінде үкім шықты

![Томирис Байсафаны өлтіру ісінде үкім шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/2021060722372451156_9-1.jpg)

**7 маусымда Ресей астанасында алқабилер соты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті, қазақстандық Томирис Байсафаны өлтіру ісінде үкім шығарды, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап. **

Істің бас фигуранты — Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ақталып шықты.

> «Меджидов 105-баптың 1-бөлігі бойынша алқабилердің үкіміне сәйкес ақталды. Ертең сағат 9:30-да үкім жарияланады», —  деп хабарлады Никулин аудандық сотының баспасөз қызметі.
> 
> 
> 
> 
> «Кінәсіз, сот залында бостандыққа шықты (…) Құрметті достар, оны (Муртузали Меджидовті айтып отыр) кінәсіз деп тапты. Не айтарымды да білмеймін…», — деп жазды марқұмның анасы Жанна Ахметова.

Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.

---

Жарияланды: 2021-06-07T19:49:18+06:00

Жаңартылды: 2021-06-07T19:49:18+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/08/tomiris-bajsafany-oeltirw-isinde-uekim-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.