---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/05/zhandarbek-bekshin-karantinge-qatysty-zhanga-qawlygha-qol-qojdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

![Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/ut1ym96h.png)

**Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысымен шектеу критерийлері екі блокқа жіктелген: «Ashyq» жобасына қатысатын және қатыспайтын нысандар ескерілген.

Қаулы 8 маусым күні күшіне енеді, яғни «сары» аймаққа кіргеннен кейін 7 күннен соң.

Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасындағы мейрамхана, дәмхана және кофехана сияқты қоғамдық тамақтану нысандары (ғимарат ішіндегі) 50 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл өз кезегінде «сары» және «қызыл» аймаққа қатысты.

Осындай график жазғы алаңдарға, банкет залдарына да бекітілген.

Ал фудкорттар үшін 20 пайызға дейін толтырылған жағдайда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.

---

Жарияланды: 2021-06-05T15:55:59+06:00

Жаңартылды: 2021-06-05T15:55:59+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/05/zhandarbek-bekshin-karantinge-qatysty-zhanga-qawlygha-qol-qojdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.