---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/04/qr-bas-sanitariyalyq-daerigerining-zhanga-qawlysy-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР Бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

![ҚР Бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/210212154109809a3752524i.jpg)

**ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы қаулыға қол қойды****,**** деп хабарлайды****Qazaqpress.**

Қаулыға сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлеріне мынадай кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асырылады:

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2) спа-орталықтары;

3) сауналар, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;

9) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

10) бильярд клубтары;

11) концерт залдары;

12) ерікті қатысушылар;

13) караоке;

14) көрмелер;

15) океанариум;

16) марафондар;

17) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

18) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының әуежайлары;

19) (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;

20) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;

21) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;

22) цирктер;

23) отельдер, қонақ үйлер.

---

Жарияланды: 2021-06-04T07:42:41+06:00

Жаңартылды: 2021-06-04T07:42:41+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/04/qr-bas-sanitariyalyq-daerigerining-zhanga-qawlysy-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.