---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/02/ulttyq-bank-habarlajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық банк қазақстандықтарға үндеу жасады

![Ұлттық банк қазақстандықтарға үндеу жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_363338.jpeg)

**ҚР Ұлттық банкі қазақстандықтарды банк атынан хабарласатын алаяқтар жайлы ескертті, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Олар азаматтың жеке шотындағы қаржысына көз тігіп, жеке құпия мәліметтерді сұрайды.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтіндерін, ақшалай есеп айырысулар мен есептік операцияларды жүзеге асырмайтынын айтты.

> «Ұлттық Банктегі шоттар тек Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің және заңды не шектеулі тұлғалардың есептік операцияларын есепке алу үшін ашылуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Банк қаражат жіберуді сұрайтын электронды хаттар мен жасырын телефон қоңырауларға назар аудармауға кеңес береді. Белгісіз банктік шоттардан ақша алудың күтпеген мүмкіндігі туралы хабарламалар немесе қоңыраулар болса – ол алаяқтардың әрекеті.

> «Күдікті хаттар немесе «Ұлттық банктен» ақша аудару туралы қоңыраулар түскен жағдайда, сіз құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз керек», – деді банк.

Еске сала кетейік, жуырда WhatsApp мессенджерінде Disney компаниясының атынан сауалнамаға қатысып, ақшалай сыйлықтар алу мүмкіндігі туралы сілтеме тараған еді. Disney компаниясы халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақстандықтарға сыйлықтар береді деп айтылған.

---

Жарияланды: 2021-06-02T07:22:04+06:00

Жаңартылды: 2021-06-02T07:31:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: [алаяқтар](https://qazaqpress.kz/tag/alayaqtar/), [хабарлама](https://qazaqpress.kz/tag/habarlama/), [ҚР Ұлттық Банкі](https://qazaqpress.kz/tag/qr-ulttyq-banki/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/02/ulttyq-bank-habarlajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.