Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Агзам Текенов by Агзам Текенов
31 мая, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Байланысты

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды

Орталық Азиядағы авиациялық қауіпсіздікті күшейтудегі шекаралық бақылауды цифрландырудың рөлі

Шымкент тұрғындары жедел жәрдемнің қозғалысын картадан нақты уақытта көре алады

— Бүгін, 31 мамыр — ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғын-сүргін Кеңес Одағы дәуіріндегі миллиондаған азаматтың тағдырына таңба салды. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілді, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы ел аумағында он бір еңбекпен түзеу лагері болғанын айтты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қасірет мекені КАРЛАГ пен АЛЖИР-де тоталитарлық жүйенің шексіз қатігездігін үнемі еске салып тұратын тарихи мемориал кешендер ашылған.

— Зұлмат заманда тұтас халықтар қудалауға түсті. Туған жерінен зорлықпен көшірілген бес миллионға жуық адам қасиетті қазақ жерінен пана тапты. Қазақстан олардың құтты мекеніне айналды. Ұлтымыз алапат аштықтың зардабын тартып, орны толмас шығынға ұшырады. Шектен шыққан ұжымдастыру науқаны Ұлы даланы бұрын-соңды болмаған ауқымды гуманитарлық апатқа ұрындырды. Халқымыз небір зобалаңды көрсе де рухын аласартқан жоқ. Бірлігін бекемдеп, ынтымағын арттыра түсті, — деді Тоқаев.

Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін біз арыстарымызды ақтауға кірістік. Кезінде жазықсыз жазаланған мыңдаған азаматтың есімін ел жадында жаңғырттық, деді Тоқаев.

— Былтыр қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге тиіс. Бұл – мемлекеттің ғана міндеті емес, бүкіл қоғамның парызы. Төл шежіреміздегі қайғылы кезеңдерді ұлттық бірегейлігімізден бөле-жара қарау мүмкін емес. Сондықтан, біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтаймыз. Тарихтан тағылым алып, мұндай тауқымет ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасайтын боламыз, — делінген Президент үндеуінде.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Нұр-Сұлтанда жеткіншекті соққыға жыққан ер адам қылмыстық жауапқа тартылады

Келесі жаңалық

Өткен тәулікте тағы 1405 адамнан коронавирус анықталды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды
Басты

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды

10 апреля, 2026
Орталық Азиядағы авиациялық қауіпсіздікті күшейтудегі шекаралық бақылауды цифрландырудың рөлі
Категориясыз

Орталық Азиядағы авиациялық қауіпсіздікті күшейтудегі шекаралық бақылауды цифрландырудың рөлі

1 апреля, 2026
Шымкент тұрғындары жедел жәрдемнің қозғалысын картадан нақты уақытта көре алады
Категориясыз

Шымкент тұрғындары жедел жәрдемнің қозғалысын картадан нақты уақытта көре алады

31 марта, 2026
2025 жылы Alatau City Garant еурохаттама бойынша 672 миллион теңге төледі
Категориясыз

2025 жылы Alatau City Garant еурохаттама бойынша 672 миллион теңге төледі

19 марта, 2026
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп
Категориясыз

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

14 марта, 2026
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
Категориясыз

Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды

11 марта, 2026
Келесі жаңалық
Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақтан шықты

Өткен тәулікте тағы 1405 адамнан коронавирус анықталды

Ақтөбе облысында карантин күшейтілді

Коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жаңарды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

8 сентября, 2022
Қазақстан Энергетика министрлігі мен Huawei энергетика саласын цифрландыру туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Энергетика министрлігі мен Huawei энергетика саласын цифрландыру туралы меморандумға қол қойды

25 июня, 2025
2025 жылғы наурызда Қазақстандағы тұтынушылық сенімділік ішінара қалпына келді, бірақ әлі де теріс нәтиже көрсетуде

2025 жылғы наурызда Қазақстандағы тұтынушылық сенімділік ішінара қалпына келді, бірақ әлі де теріс нәтиже көрсетуде

23 апреля, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
  • Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.