---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/31/ael-farabi-dangghyly-ishinara-zhabylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әл-Фараби даңғылы ішінара жабылады

![Әл-Фараби даңғылы ішінара жабылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_82482.jpeg)

**Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметі бойынша, Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейін көшелер ішінара жабылады. Бұл учаскеде 1-10 маусым аралығында қозғалыс шектеледі. Бұл асфальт ауыстыру жұмыстарына байланысты.

> — Құрметті алматылықтар! Жол төсемін ауыстыру жұмыстары аясында әл-Фараби даңғылында екі бағыт бойынша да Достық даңғылынан Жарбұлақ (Терренкур) өзеніне дейінгі жолдың барлық ені бойынша 2021 жылы 1 маусым мен 10 маусым аралығында күндізгі және түнгі уақытта қозғалыс ішінара жабылады. Кешірім сұраймыз. Бұл уақытта осы учаскемен жүрмеуді сұраймыз, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2021-05-31T12:46:13+06:00

Жаңартылды: 2021-05-31T12:46:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/31/ael-farabi-dangghyly-ishinara-zhabylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.