Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды

Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды

Қазақстан Қарулы Күштерінің тыл және қару-жарақ басқармасының басшысы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады.

— 2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау органдары Қазақстан Қарулы Күштерінің тыл және қару-жарақ басшысы полковник Асылбек Сатыбалдиновты ұстады, — деді Қорғаныс министрлігінің өкілі, майор Ғани Нүсіпов.

Ол басқа ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайтынын айтты.