---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/29/astanalyq-policejler-kisi-oeltirgeni-ueshin-izdewde-zhuergen-kuediktini-qolgha-tuesirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астаналық полицейлер кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді

![Астаналық полицейлер кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210529125452859a3794195i.jpg)

**Елорда полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған азамат 31 жастағы астаналық тұрғынды өлтірді деп айыпталып отыр.

> «2017 жылдың желтоқсан айында марқұм дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Қылмыс түнгі клубтағы төбелес кезінде жасалғаны анықталды. Күдікті ойын-сауық мекемесінде сағат 05.30-да жәбірленушіні пышатап, қашып кеткен. Осы уақыттан бастап ол Ресей аумағында және Қазақстанның шалғай аймақтарында жасырынып жүрді. Күдікті Нұр-Сұлтанда ұсталды», — деп жазады полицияның баспасөз қызметі.

Күдіктіні ұстау операциясы Қабанбай батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерде өткен. Бұрын да сотты болған 41 жастағы күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-05-29T10:48:58+06:00

Жаңартылды: 2021-05-29T10:48:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/29/astanalyq-policejler-kisi-oeltirgeni-ueshin-izdewde-zhuergen-kuediktini-qolgha-tuesirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.