Президент Іс басқарушысының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Іс басқарушысының жаңа орынбасары тағайындалды

Айбек Дәдебаев Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Айбек Дәдебаев Парламент Сенаты төрағасы хатшылығының меңгерушісі болып жұмыс істеген, сондай-ақ Президент кеңсесі бастығының орынбасары қызметін атқарған.