---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/28/oegej-qyzyna-azghyndyq-zhasaghan-oraldyq-20-zhylgha-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өгей қызына азғындық жасаған оралдық 20 жылға сотталды

![Өгей қызына азғындық жасаған оралдық 20 жылға сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/2021052809300044105_ichsmis.jpg)

**Оралда өгей қызына азғындық жасаған ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaqpress****Zakon****.****kz****-ке****сілтеме жасап.**

Бірақ сотталушы өз айыбын мойындаған жоқ.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, өгей әке 13 жастағы жеткіншекті алдап-сулап, жыныстық қатынасқа түсуге үгіттеген. Ақыры оңаша үйге апарып, арам ойын іске асырған. Кейін қызды тағы шақырған. Ал анасы басында қызының сөзіне сенбегенін айтады. Тек күйеуінің аудиохабарламасын тыңдағаннан кейін ғана мән беріпті.

Сот айыптыға ең жоғары жаза кесті. Ол енді жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бірақ сотталушы кінәсін ақыры мойындамай қойды.

**Жәбірленушінің анасы:**

> — Басында қызымның айтқанына сенбейтін едім. Кейін күйеуімнің төсектес болуға шақырған аудиожазбасын тыңдағасын, бір сұмдықтың болғанына көзім жетті. Күйеуім қызымды «еш жеріңді ауыртпаймын, 15 мың теңге ақшасын төлеймін» деп азғырып жатыр. Сот әділ үкім шығарып, сұмырай өз жазасын алды!

---

Жарияланды: 2021-05-28T07:41:03+06:00

Жаңартылды: 2021-05-28T08:34:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/28/oegej-qyzyna-azghyndyq-zhasaghan-oraldyq-20-zhylgha-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.