---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/27/ezhiktep-oqityn-mughalimge-qatysty-oqighanyng-kuetpegen-maen-zhajy-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ежіктеп оқитын мұғалімге қатысты оқиғаның күтпеген мән-жайы анықталды

![Ежіктеп оқитын мұғалімге қатысты оқиғаның күтпеген мән-жайы анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_82293.png)

**Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында мектепте орыс тілі мен әдебиеті****пәнінен****сабақ беретін ежіктеп оқитын мұғалімге қатысты оқиға жалғасын тапты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

№ 8 қазақ-тәжік орта мектебінің директоры Гүлсара Хасанова педагогті аудандық білім бөлімінен бөлу бойынша жұмысқа қабылдағанын айтады.

> «Ол тестілеуден өтті, сосын екінші кезең — әңгімелесу, ол біздің мектепте өткен жоқ. Ол маған ауданнан бағыттама бойынша келді. Мен, әрине, оны қабылдадым», — дейді директор.

Бұған дейін аудандағылар педагогтің жұмысқа қабыл

дануына байланысты жауапкершілікті мектеп директорына артқан болатын.

Мектеп басшысы Қоғамдық даму департаментінің мамандардың жетіспеуі туралы мәлімдемесін де жоққа шығарды.

> «Бізде кадр жетіспеуі жоқ. Бізде ешқандай дефицит жоқ», — деді, Гүлсара Хасанова.

Директордың сөзінше, педагог расында буынға бөліп оқитын, бірақ ол алғашқы кездері, мұғалім мектепке енді ғана келген жылдары болған.

Алайда ата-аналардың бірі директордың сөзін жоққа шығарды.

> «Ол балаларға сабақты қашықтан беру кезінде солай сөйлеп отырды. Есіңізде болса, былтыр барлық мектепті жауып тастаған болатын», — дейді ата-ана.

Бүгінде педагог декреттік демалыста. Жақында ол босанған.

---

Жарияланды: 2021-05-27T05:24:33+06:00

Жаңартылды: 2021-05-27T08:55:38+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/27/ezhiktep-oqityn-mughalimge-qatysty-oqighanyng-kuetpegen-maen-zhajy-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.