---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/27/aesel-ajtpaevanyng-oelimine-qatysty-kuedikti-2-ajgha-qamawgha-alyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әсел Айтбаеваның өліміне қатысты күдікті 2 айға қамауға алынды

![Әсел Айтбаеваның өліміне қатысты күдікті 2 айға қамауға алынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/683c0f1e76792b1f200ef7b22be0b1ad.jpg)

**Нұр-Сұлтан қаласының соты Грузияда Әсел Айтбаеваның өліміне қатысты іс бойынша Қылмыстық Кодекске сәйкес күдіктінің қимыл іс-әрекетін шектеді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews-ке сілтеме жасап.**

> «2021 ж. 25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты М. есімді азаматты 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін қамауға отырғызды. Қазіргі уақытта М. азамат Қылмыстық кодекстің 128-бабы, 4-бөлім, 2-тармағына сәйкес А. есімді қылмыс құрбанын Грузия еліне жұмысқа орналастыру уәдесімен арбалап, оны пайдалану мақсатында келісім жасасты, нәтижесінде А.-ның байқаусыз өліміне себеп болды деген күдікпен қамауда» — деді хабарламада.

Еске сала кетейік, 16 мамырда Нұр-Сұлтан қ. полициясы Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбековті ұстады. Содан кейін Қылмыстық кодекстің 128-бабы «Адам саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан азаматы Әсел Айтбаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде анықталмаған жағдайда қайтыс болды. Қыздың денесі көп қабатты үйдің терезелерінің астынан табылды. Тергеушілер қазақстандық әйелдің өлім алдында зорланғанын анықтады. Жергілікті полиция Зугдиди қаласының тумасы, бұрын зорлау және өзін-өзі өлтіруге шақыру деген айыппен сотталған 57 жасар Бесик Тордуа есімді күдіктіні ұстады. Қайғылы оқиғадан бұрын Әсел досына Тордуамен сөйлескен бір сағаттық аудиожазбасын жіберіп үлгерді. Грузияның Бас прокуратурасы Әселдің алыс туысы Мұрат Мейірбековке сырттай айып тағып отыр.

---

Жарияланды: 2021-05-27T09:16:03+06:00

Жаңартылды: 2021-05-27T09:34:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Бесик Тордуа](https://qazaqpress.kz/tag/besik-tordwa/), [Грузия](https://qazaqpress.kz/tag/grwziya/), [сот](https://qazaqpress.kz/tag/sot/), [Әсел Айтбаева](https://qazaqpress.kz/tag/aesel-ajtbaeva/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/27/aesel-ajtpaevanyng-oelimine-qatysty-kuedikti-2-ajgha-qamawgha-alyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.