---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/26/qostanajda-9-synyp-oqwshysy-swgha-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қостанайда 9 сынып оқушысы суға кетті

![Қостанайда 9 сынып оқушысы суға кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/whatsapp-image-2021-05-26-at-10.46.27.jpeg)

**Қостанай****да****оқушы****сұға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress Хабар 24-ке сілтеме жасап.**

Қостанайда жасөспірім суға кетіп қайтыс болды. 9 сынып оқушысы досымен жаңа жағалаудағы жасанды көлшікке шомылуға барған. Құтқарушылардың мәліметінше, жасөспірім 20 минуттай жүзіп жүріпті. Алайда бір сәтте көлшік астындағы 3 метр шұңқырға түсіп кеткен. Сүңгуірлер оны судан шығарғанымен аман алып қала алмады. Жағалауда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан жасанды көл жанына шектеу белгілері әлі қойылмаған.

**Азамат Өрімбаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:**

> — Сүңгуірлердің айтуынша, жасанды көл астында терең шұңқыр бар, бірден төмен құлдилап кетеді. Сондықтан бала батып кетті. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-05-26T04:55:42+06:00

Жаңартылды: 2021-05-26T06:54:57+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/26/qostanajda-9-synyp-oqwshysy-swgha-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.