---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/26/%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btar-enpf-otbasy-kz-platformasy-ar%d2%9byly-t%d2%b1r%d2%93yn-%d2%afj-men-emdelu-a%d2%9bysyn-t%d3%a9leuge-1-trillion-te%d2%a3ge-zejneta%d2%9by-zhina%d2%9btaryn-pajdalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй мен емделу ақысын төлеуге 1 триллион теңге зейнетақы жинақтарын пайдаланды



**Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі — БЖЗҚ) ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 2021 жылдың 26 мамырындағы жағдай бойынша 1,3 трлн теңгеден астам қаражат аударды (140 млрд теңге 45 күннің ішінде пайдаланылмаған қаражат ретінде БЖЗҚ-на қайтарылды). 159 621 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1 трлн теңгеге тең зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі — әйелдер (50 236) және үштен екісі — ер адамдар (109 385).**

«Біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі — БЗТ) пайдалану тетігін әзірлеу кезінде банктің мақсаты – клиент үшін процесті мүмкіндігінше ыңғайлы әрі түсінікті ету болды, бастысы – онлайн форматта. Қысқа уақыт ішінде банк enpf-otbasy.kz интернет-ресурсын құрып, БЗТ пайдалану тетігін тез арада іске қосу үшін БЖЗҚ-мен интеграция жасады», — деді банктің Басқарма төрайымы, Ләззат Ибрагимова.

БЗТ қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (28 450  адам), олар жалпы сомасы 279 млрд теңге пайдаланған. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (26 015 адам), елорда тұрғындары 162 млрд-тан астам теңге қолданған. Алматы қаласы – үшінші орында (21 832 адам), алматылықтар жалпы сомасы 173 млрд-тан астам теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған.

**26.05.2021 жылғы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары:**

- 32 273 клиент «Отбасы Банкіндегі» заем бойынша қарызын төледі (ішінара немесе толық)
- 25 637 клиент ипотекалық заем бойынша берешегін өтеді, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық)
- 82 261 клиент ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алды (толық өтеу)
- 8 422 клиент тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй заемын алды
- 3 953 клиент ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
- 2 018 клиент сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді
- 204 клиент жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды
- 4 853 клиент емделу ақысын төледі.

---

Жарияланды: 2021-05-26T08:29:36+06:00

Жаңартылды: 2021-05-26T08:29:36+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/26/%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btar-enpf-otbasy-kz-platformasy-ar%d2%9byly-t%d2%b1r%d2%93yn-%d2%afj-men-emdelu-a%d2%9bysyn-t%d3%a9leuge-1-trillion-te%d2%a3ge-zejneta%d2%9by-zhina%d2%9btaryn-pajdalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.