---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/24/sulpak-tyng-qasynda-aghashtar-zangsyz-oertendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Sulpak-тың қасында ағаштар заңсыз шабылды

![Sulpak-тың қасында ағаштар заңсыз шабылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_82165.jpeg)

**24 сәуір күні Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Sulpak дүкенінің маңында оталған ағаштарға байланысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Алмалы аудандық соты ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігіне сәйкес Тұрғын үй кешенінің өкілі Жанна Нұртаеваға қатысты «Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi бар түрлерін жою» құқықбұзушылығымен айыпталып, іс жүргізілді. Іс 19 наурызда басталған болатын.

> «Сот Жанна Нұртаеваны Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып, 1500 АЕК мөлшерінде, яғни 4 миллион 167 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады. Айыппұлды төлеу мерзімі заңды күшіне енгеннен кейін екі ай деп белгіленсін» — деді сот.

Айта кетелік, алматылықтар ағаштардың шабылғанына наразылық білдірген еді. Бұл жайында Жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі мен Sulpak компаниясының өкілдері пікір білдірген болатын. «Аrena S» Sulpak сауда маркасы компаниясының өкілдері ағаштар шабылған аумақ компания меншігіне жатпайтынын айтты.

Кейінірек, қала әкімшілігі заңсыз түрде 13 түп ағашты кескендер жазаланғанын мәлімдеді. Алғашында қылмыстық іс ҚК-нің 340-бабы «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу немесе жою» бойынша тіркелді. Алайда кейін, іс қайта қаралып, ҚК-нің 339-бабы екінші бөлігіне сәйкес айыпталушыға жаңа айып тағылды. Негізгі айыпталушы аталған жер бөлігін абаттандыру туралы келісім жасасты.

Сот шешімі бойынша айыпталушының кінәсі ішінара мойындалды.

 

---

Жарияланды: 2021-05-24T09:57:58+06:00

Жаңартылды: 2021-05-24T10:12:31+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Sulpak](https://qazaqpress.kz/tag/sulpak/), [Алматы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty/), [ағаштардың шабылуы](https://qazaqpress.kz/tag/aghashtardyng-shabylwy/), [сот](https://qazaqpress.kz/tag/sot/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/24/sulpak-tyng-qasynda-aghashtar-zangsyz-oertendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.