Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Мәдениет

Димаш 27 жасқа толды: Әкесі әншінің туған күнді қалай тойлайтынын айтып берді

Ботиржон Кадиров by Ботиржон Кадиров
24 мая, 2021
Димаш 27 жасқа толды: Әкесі әншінің туған күнді қалай тойлайтынын айтып берді

Димаш Құдайберген 24 мамырда 27 жасқа толды, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz—ке сілтеме жасап.

Байланысты

Park Live Almaty кеңейіп жатыр: лайн-апқа Robbie Williams қосылды. Әнші фестивальдің қосымша күнінде хедлайнер болады

«РЭКЕТИР 3»: Қазақстанда қылмыс әлемі туралы жаңа тарау үлкен экранға шығады

«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті

Ол туған күнін отбасында атап өтеді. Әншінің әкесі Қанат Айтбаев Димаштың шығармашылығындағы жаңалықтары мен туған күнін қалай тойлайтынын айтып берді.

Қанат Айтбаевтың айтуынша, Димаш шығармашылық ізденісті бір сәтке тоқтатпай, жаңа бейнебаян түсіріп жатыр. Жыл соңына дейін шет мемлекеттердің бірінде концерті өтіп, өзінің тыңдармандарымен қауышуы да мүмкін. Оның бәрі эпид-ахуалға байланысты шешіледі екен.

«Димаш Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында біраз шығармашылық адамдарымен бірге жұмыс істеп жатыр. Еуропалық, Америкалық продюсерлермен де жұмыстар атқарылуда. Ол үнемі шығармашылық ізденісте. Жақында «Be with me» әніне бейнебаян түсірілді. Бұл Димаштың шығармашылығын тағы бір қырынан көрсететін жанр болды деп есептейміз. Басқа да әндер жазылып жатыр», — деді Қанат Айтбаев.

Димаш Құдайберген кезекті бейнебаянын композитор Ренат Гайсиннің әніне түсіріп жатыр. Түсірілім жұмыстары аяқталған соң ол туынды да көрерменге жол тартпақ. Одан бөлек, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарса, бірқатар елде концерт беру де жоспарланып отырған көрінеді.

«Пандемияға байланысты әлем бойынша көптеген өнер адамының жоспарлаған концерттері тоқтатылды емес пе? Қазір жағдай жақсарады деген үміт бар. Соған байланысты жоспарлар көп, түрлі елдерден ұсыныстар келіп жатыр. Ресейде, Беларусь елінде өтетін шараларға шақыртулар алдық. Амандық болса, барамыз деген ой бар», — деді Айтбаев.

Димаш туған күнін қалай тойлайды

Димаш туған күнін отбасымен, ата-анасы мен бауырларының ортасында өткізеді. Жанкүйерлері оған бірнеше күннен бері құттықтау хаттарын жолдап жатыр.

«Туған күніне арнап үлкен отырыс жасамаймыз. Туған-туыстар жан-жақтан хабарласып, құттықтап жатады. Көптеген елдегі Димаштың тыңдармандары сәлемдерін жолдап жатады. Қазірдің өзінде әр елдегі тыңдармандардан құттықтаулар, жеделхаттар келіп жатыр. Осы сәтті пайдалана отырып, сол кісілердің барлығына алғыс айтқым келеді. Ықылас-пейілдеріне шексіз ризамыз. Өнер адамын қанаттандыратын көрерменнің жылы сөзі, ыстық пейілі. Қашан да тыңдарманның елеп-ескеріп, құттықтау жолдауы әншінің көңілін қанаттандырып, сезімін серпілтеді», — дейді Айтбаев.

Димаш әр хатқа, әр тыңдарманның ақжарма тілегіне ерекше қуанады екен.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Отбасымызда туған күнді тойлауға қатысты ешқандай дәстүр жоқ. Риясыз, шын көңілден айтылған құттықтау, дастархан басында отырып, бір-біріне жылы сөз айту – өзіміз үшін бағалы, таптырмайтын сый. Димаштың өзі де үйдегі кісілердің туған күнін ешқашан ұмытпайды, әсіресе аналары мен қарындасына құшақ-құшақ гүл сыйлағанды жақсы көреді», — дейді Қанат Айтбаев.

Айтуынша, туған күн әдетте үлкендердің батасын алудан басталады. Ең алдымен ата-әжесінің батасын алып, шай үстінде бір-бірін құттықтайды. Әңгіме барысында балалық шақтағы қызық оқиғалар сөз болады.

Әншінің Youtube-тегі каналында өзінің бала кезінде түсірілген видеосы туған күніне орай жария етілді. Онда көрермендер Димаштың бір жарым жасар кезінде түсірілген видеосының бір бөлігін көре алады.

Димаш туралы не білеміз

Дінмұхаммед Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде танымал әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Қазақ ұлттық өнер университетін «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша бітірді.

Бала кезден түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған жас әншінің бағын Витебскте өткен «Славян базары – 2015» халықаралық ән байқауы ашты. Әнші конкурста гран-приді жеңіп алды.

2017 жылы Димаш Қытайдың «Мен әншімін» жобасына қатысып, талантымен миллиардтар елін таңғалдырған еді. Ол жобада екінші орын алды.

Димаш MTV Music Awards жүлдесінің иегері, «Азияның ең танымал әншісі», «Top Chinese Music Awards», «Халықаралық деңгейдегі ең танымал әнші», «Жылдың ең үздік әншісі» номинацияларының жеңімпазы. 2019 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанған. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде Димаштың мыңдаған тыңдарманы бар.

2021 жылы Димаш АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясы апталығының ашылуына арналған шарада өнер көрсетіп, қазақтың халық әні «Самалтауды» орындады.

Димаш — атасы мен әжесінің тұңғыш немересі, кішкентай кезінен сол кісілердің бауырында өскен. Димаштың Раушан есімді қарындасы мен Әбілмансұр есімді інісі бар.

Барлығы бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Асқар Мамин Риддер қаласының өрттен зардап шеккен тұрғындарымен кездесті

Келесі жаңалық

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Ботиржон Кадиров

Ботиржон Кадиров

Байланысты жаңалықтар

Park Live Almaty кеңейіп жатыр: лайн-апқа Robbie Williams қосылды. Әнші фестивальдің қосымша күнінде хедлайнер болады
Мәдениет

Park Live Almaty кеңейіп жатыр: лайн-апқа Robbie Williams қосылды. Әнші фестивальдің қосымша күнінде хедлайнер болады

29 мая, 2025
«РЭКЕТИР 3»: Қазақстанда қылмыс әлемі туралы жаңа тарау үлкен экранға шығады
Мәдениет

«РЭКЕТИР 3»: Қазақстанда қылмыс әлемі туралы жаңа тарау үлкен экранға шығады

12 февраля, 2025
«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті
Мәдениет

«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті

26 февраля, 2024
Төреғали Төрәлі 10 млн теңге төлеп, бостандыққа шықты
Мәдениет

Төреғали Төрәлі 10 млн теңге төлеп, бостандыққа шықты

3 октября, 2022
Белгілі қазақстандық мүсінші Тілеуберді Бинашев қайтыс болды
Мәдениет

Белгілі қазақстандық мүсінші Тілеуберді Бинашев қайтыс болды

30 августа, 2022
Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды
Мәдениет

Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды

16 мая, 2022
Келесі жаңалық
Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақтан шықты

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Петропавлда жүргізуші 17 жастағы қызды қағып кетті

Петропавлда жүргізуші 17 жастағы қызды қағып кетті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Париж-2024: 2 тамызда қазақстандықтар қай спорт түрінен сайысқа түседі

Париж-2024: 2 тамызда қазақстандықтар қай спорт түрінен сайысқа түседі

2 августа, 2024
Жетінші аурухана дәрігерлері инсульт алған пациенттерді қалыпты өмірге оралтып жатыр

Жетінші аурухана дәрігерлері инсульт алған пациенттерді қалыпты өмірге оралтып жатыр

22 мая, 2024
Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

13 июля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
  • Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
  • Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.