---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/24/atyrawda-avtobws-qaqqan-zhayaw-zhuerginshi-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмды

![Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210524070606084e.jpg)

**Атырау қаласында автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлайды**** Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 мамырда сағат кешкі 20:00 шамасында Вокзал маңы шағын ауданында болған.

> «Жаяу жүргінші Берғалиев-Баймұханов көшелерінің қиылысындағы жолды белгіленбеген жерден өтпек болған. Сол кезде оны автобус қаққан. Өкінішке қарай, Атырау қаласының 1994 жылы туған тұрғыны оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.

 

---

Жарияланды: 2021-05-24T08:22:08+06:00

Жаңартылды: 2021-05-24T10:10:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/24/atyrawda-avtobws-qaqqan-zhayaw-zhuerginshi-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.