---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/23/aqtawda-koepqabatty-uejding-syrtqy-qaptamasy-opyrylyp-tuesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтауда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті

![Ақтауда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_82136.jpeg)

**Ақтауда қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсті****, деп хабарлайды****Qazaqpress Lada.kz****-ке сілтеме жасап.**

Салдарынан газ құбыры зақымдалды.

Бүгін таңғы сағат 03.30-да Ақтаудың 30-шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасы құлап түсті.

> «Оқиға күндіз болса, зардап шеккендер болушы еді. Бұл үй ақпаннан бастап Меншік иелері қауымдастығының (МИҚ) басшылығына өтті, сондықтан жауапты адамды таба алмаймыз. МИҚ басшылары мен қызметкерлері уәде айтады, бірақ міндеттемелерін орындамайды», — дейді үйдің тұрғыны Сәуле.

Әкімдік мәліметінше, апат қатты желден болған. Салдарынан газ құбыры бүлінді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында қала әкімінің орынбасары Серік Гусман, әкімдіктің және төтенше жағдайлар басқармасының тиісті жауапты бөлімдері, сондай-ақ Мүлік иелері бірлестігінің бірлескен тобы жұмыс істеп жатыр.

Қауіптің алдын алу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері газ беруді уақытша тоқтатты. Құбырлар тексерілгеннен кейін газ қайта беріледі.

Опырылған қабырға арнайы техникамен жиналып жатыр.

Түстен кейін қабыршақтанған қабырға тегістеледі. Тұрғын үйді толық қалпына келтіру жұмыстары қала әкімдігінің бақылауында болады.

---

Жарияланды: 2021-05-23T12:47:37+06:00

Жаңартылды: 2021-05-23T12:47:37+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/23/aqtawda-koepqabatty-uejding-syrtqy-qaptamasy-opyrylyp-tuesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.