---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/23/40804/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Eurovision-2021 байқауында кім жеңіске жетті?

![Eurovision-2021 байқауында кім жеңіске жетті?](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_82131.jpeg)

**Евровидение-2021 музыкалық байқауында италиялық Måneskin тобы жеңіске жетті, олар Zitti e buoni әнін орындады, деп хабарлайды Qazaqpress РИА Новости порталына сілтеме жасап. **

Көрермендер мен қазылар алқасының жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша, италиялықтар 524 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Олармен 25 елдің орындаушысы бақ сынасты.

Måneskin рок-тобының өкілдері күтпеген жеңіс болғанын мойындады, олар көрермендерге алғыс айтты.

Ресейлік әнші Манижа 204 ұпай жинады. Қазылар алқасы Манижаға 104 ұпай берді, ал көрермендерден 100 жиналды.

Еске салсақ, коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылы кейінге қалған Евровидение байқауы биыл 18-22 мамырда Роттердамдағы Ahoy аренасында өтті.

---

Жарияланды: 2021-05-23T07:26:22+06:00

Жаңартылды: 2021-05-23T07:30:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/23/40804/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.