---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/22/adam-urlady-degen-kuedikke-ilingen-qazaqstandyq-belarwsten-ekstradiciyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Адам ұрлады деген күдікке ілінген қазақстандық Беларусьтен экстрадицияланды

![Адам ұрлады деген күдікке ілінген қазақстандық Беларусьтен экстрадицияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/183120.jpg)

**Бүгін, 22 мамырда Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполының қызметкерлері Беларусьтен Владимир Тургуновты экстрадициялады, деп хабарлайды Qazaqpress прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> — Ол қару қолдану арқылы қарақшылық шабуылды, адам ұрлауды және 100 миллион теңгеден астам сомаға бөтеннің мүлкін ұрлауды ұйымдастыруға күдіктеліп отыр. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Тургунов Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

---

Жарияланды: 2021-05-22T06:48:47+06:00

Жаңартылды: 2021-05-22T06:48:47+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/22/adam-urlady-degen-kuedikke-ilingen-qazaqstandyq-belarwsten-ekstradiciyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.