Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Түркістан басшысы әкімдік ғимаратының сатылуына қатысты түсінік берді

Ботиржон Кадиров by Ботиржон Кадиров
20 мая, 2021
Түркістан басшысы әкімдік ғимаратының сатылуына қатысты түсінік берді
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов әкімдік ғимаратының сатылуына қатысты тікелей эфирге шығып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Байланысты

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралында Түркістан әкімдігінің төртқабатты ғимараты аукционда 313 млн теңгеге сатылғаны, нысанға біршама уақыт бұрын ғана 257 млн теңгеге жөндеу жүргізілгені хабарланды. Ғимарат құны жасанды түрде 30 пайызға арзандатылды деген күдікпен прокуратура сотқа жүгінген. Сот сату-сатып алу келісімшартын заңсыз деп тапты.

«Біріншіден, қала әкімдігінің бұрынғы ғимаратына қатысты расында да қалада саммит кезінде қонақ үйлерді көбейту мәселесі туындаған. Осы бойынша жанындағы «Евразия« қонақ үйіне және басқа жерлерге де ұсынған болатынбыз. «Түркістан« әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жасау да қарастырылды. Бірақ, шешім өзгеріп, аукцион арқылы сатылатын болып шешілді. Ғимараттың бағасын шығару әкімдіктің құқығында емес, арнайы мекеменің құзырында. Сол бойынша ғимараттың бағасын шығарған болатын», — деді қала әкімі.

Р.Аюпов 1970 жылы салынған әкімдік ғимаратына (жалпы аумағы 2554,7 шаршы метр) 257 млн теңгеге жөндеу жүргізілгенін растады. Бірақ жөндеу үш жыл бұрын жасалған.

«Ғимаратқа 2018 жылы 257 млн теңге көлемінде жөндеу жүргізілген, сол баға бойынша қосылған және де ол ҚР Қаржы министрлігіне қарасты веб порталға енгізілген еді. Ол жердегі сатып алушыны да, сатып алуға қатысушыны да және оның бағасын қадағалайтын әкімдік емес. Жалғыз сол портал арқылы нарықтық жүйемен жасалады.

Яғни, ең бірінші ағылшын жүйесімен бағаның көтерілуі бойынша оған бірнеше адам тіркелді. Бірақ, оған ешқандай сауда болмаған. Екінші аукцион бағаны төмендету бойынша өтті.

Аукцион басталған кезде біз порталда кімнің тіркелгенін көре алмаймыз. Сол кісі төмендету кнопкасын басу арқылы сатып алды.

Бірақ, қосымша айтып кету керек, ұсынылған бағадан бір тиын да төмен түскен жоқ. Сондықтан прокуратураның айтқанына келіспейміз. Сол себепті бірінші келісімшартты бұзу туралы шешім шыққанымен, біз ары қарай апелляциялық сотқа шағым жаздық. Біз ары қарай да соттасатын боламыз. Өйткені, бір қызығушы адам алмады деп сатып алушының артынан қудалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын», — деді Түркістан басшысы.

Айта кетсек, Рашид Аюпов бұған дейінгі сұхбаттарында Түркістан қаласы әкімдігінің қазіргі ғимараты музейдің ғимараты емес, құрылған кезден бастап әкімдікке тиесілі болғанын айтқан еді. Музей ғимараттың ішінде біраз уақыт орналасқанымен, бұл әкімдік ғимараты болып келгенін, сондықтан да осында көшу шешімі қабылданған. «Бөлімдердің жақсы отырғаны керек пе, әлде бізге Түркістанның дамығаны керек пе?!… Қазір қалалық бөлімдер ғана емес, басқа да көптеген органдар өз ғимараттарында отырған жоқ», — деген болатын ол.

Түркістан облысы әкімінің 2019 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласына келетін туристерге қолайлы жағдай жасау үшін ғимаратты заманауи қонақүй ретінде пайдалану жүктелген. Осы мақсатта, әкімдік ғимараты электрондық сауда-саттыққа қойылды.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қызылордада әжесі таксиге мінгізіп жіберген 7 жасар жеткіншек жоғалып кетті

Келесі жаңалық

Ashyq қосымшасында ақау пайда болды

Ботиржон Кадиров

Ботиржон Кадиров

Байланысты жаңалықтар

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда
Саясат

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда

26 июня, 2026
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Басты

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

14 июня, 2026
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды
Басты

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

13 июня, 2026
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды
Басты

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды

13 июня, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025
Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты
Саясат

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

15 июля, 2025
Келесі жаңалық
Ashyq қосымшасында ақау пайда болды

Ashyq қосымшасында ақау пайда болды

Әлия Шалабекова Экология вице-министрі болып тағайындалды

Әлия Шалабекова Экология вице-министрі болып тағайындалды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ақтауда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған қаржы мекемесінің директоры мен әкімдік қызметкері ақталды

Ақтауда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған қаржы мекемесінің директоры мен әкімдік қызметкері ақталды

29 мая, 2023
«Вакцинация — балаларды қызылшадан қорғаудың ең тиімді жолы», — Гүлжайнат Тілеген

«Вакцинация — балаларды қызылшадан қорғаудың ең тиімді жолы», — Гүлжайнат Тілеген

24 ноября, 2023
Respublica: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда

Respublica: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда

12 сентября, 2025

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
  • Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай
  • Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.