---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/20/qyzylordada-aezhesi-taksige-mingizip-zhibergen-7-zhasar-zhetkinshek-zhoghalyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылордада әжесі таксиге мінгізіп жіберген 7 жасар жеткіншек жоғалып кетті

![Қызылордада әжесі таксиге мінгізіп жіберген 7 жасар жеткіншек жоғалып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/whatsapp-image-2021-05-20-at-12.26.37.jpeg)

**Қызылордада әжесі таксиге мінгізіп жіберген жеті жастағы бала жоғалып кетті****,****деп хабарлайды****  Qazaqpress****Nur****.****kz****—****ке сілтеме жасап.**

Белгілі болғандай, келіні жеті жастағы ұлымен бірге ата-әжесінің үйіне қонаққа келген. Содан кейін жеткіншек әжесінің үйінде қалуды жөн санайды. Келесі күні таңертең әжесі такси жүргізушісіне нақты мекенжайын көрсетіп, немересін анасына жіберген.

Бір сағаттан кейін келініне қоңырау шалған кейуана баланың үйге әлі келмегенін біледі. Содан кейін дереу 102-ге хабарлама түсіреді. Аталған дерек бойынша дереу іздеу шаралары ұйымдастырылған.

> «Қызылорда қалалық полиция басқармасының барлық жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, баланы іздеуге кіріседі. Баланы барлық жерден іздеген полицейлер, үй маңайындағы барлық жерді тінтіп шыққан. Такси жүргізушісі көрсетілген мекенжайды таппай, баланы әжесі отырғызған жерге қайта апарып тастаған. Осылайша жасөспірім бала үйді шатастырып, жоғалып кеткен. Көп ұзамай бала табылды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да жоғалып кеткен үш жасар екі баланың мәйіті табылғаны туралы жазған едік. Қайғылы оқиға 17 мамыр күні түстен кейін болған. Балалардың қазасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі кезде өлімнің себеп-салдарын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

---

Жарияланды: 2021-05-20T06:57:24+06:00

Жаңартылды: 2021-05-20T13:59:41+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/20/qyzylordada-aezhesi-taksige-mingizip-zhibergen-7-zhasar-zhetkinshek-zhoghalyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.