---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/20/ashyq-qosymshasynda-aqaw-pajda-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ashyq қосымшасында ақау пайда болды

![Ashyq қосымшасында ақау пайда болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_82052.jpeg)

**Ashyq қосымшасы жұмысында мәртебені анықтау бойынша техникалық ақаулар пайда болды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі техникалық ақаулар себебі анықталып жатқанын хабарлады.

Ақау анықталып, жойылғанға дейін пайдаланушыларға балама әдіс ретінде Aitu қосымшасы ұсынылды.

> — Бірнеше апта бұрын BTS Ashyq-ты Aitu қосымшасына біріктіруді ұсынды. Біз келістік. Неліктен Aitu? Біріншіден, BTS мемлекетпен жұмыс істейді. Яғни, оларда жарияламау және деректердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы қол қойылған меморандумдар бар. Екіншіден, Aitu-да республикалық база деректері жоқ, ол тек ақпарат алады. Қазір Aitu пилоттық режимде жұмыс істейді, — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

---

Жарияланды: 2021-05-20T14:04:15+06:00

Жаңартылды: 2021-05-20T14:05:59+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/20/ashyq-qosymshasynda-aqaw-pajda-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.