---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/19/zhuergizwshilerge-avtobws-zholaghymen-zhuerwge-ruqsat-berilmek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жүргізушілерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

![Жүргізушілерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/2021051716104282653_2021051715443670077_1a49b9dc4ef7683d9c1a.jpg)

**ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы»,  Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды****Qazaqpress****Z****akon.kz****—****ке сілтеме жасап.**

Жол жүрісі қағидаларындағы «Маршруттық көлік құралдарының басымдығы» деген бөлімнің 2 тармағы бірінші абзацын өзгерту ұсынылады:

> — 2.5.9, 5.10.1 – 5.10.3 белгілерімен белгіленген маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда 07.30-дан 9.30 сағатқа дейін, 17.00-ден 20.00 уақыт аралығында қоғамдық көліктердің жүруі жүзеге асырылады және аялдайды (Қағидалардың 24-бөлімінің 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), қалған уақыттарда және демалыс күндері осы жолақта қоғамдық көліктерден басқа көлік құралдары жүру және аялдау жүзеге асырылады, — делінген қаулыда.

Қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

---

Жарияланды: 2021-05-19T06:40:41+06:00

Жаңартылды: 2021-05-19T07:57:59+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/19/zhuergizwshilerge-avtobws-zholaghymen-zhuerwge-ruqsat-berilmek/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.