---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/19/zhaenibek-aelimhanulynyng-kezekti-zhekpe-zhegining-datasy-qarsylasy-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегінің датасы, қарсыласы анықталды

![Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегінің датасы, қарсыласы анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210519072836518a3789545i.jpg)

**Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы, айқастың өтетін орны және датасы белгілі болды, деп хабарлайды  Qazaqpress Sports.kz-ке сілтеме жасап.**

Айта кетсек, Әлімханұлының оппоненті – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің «тұрақты» чемпионы, америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО).

Орта салмақтағы кездесу 10 раундқа есептелген және ол 26 маусым күні Лас-Вегаста (АҚШ) Василий Ломаченко — Масаеси Накатани бокс кешінің андеркардында өтеді.

Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке 2020 жылдың қазанында шықты. Ол екінші раундта аргентиналық боксшы Гонсало Кориюды (16-4, 6 КО) нокаутқа жіберді.

---

Жарияланды: 2021-05-19T07:48:11+06:00

Жаңартылды: 2021-05-19T08:03:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/19/zhaenibek-aelimhanulynyng-kezekti-zhekpe-zhegining-datasy-qarsylasy-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.