---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/19/toqaev-biylghy-alghashqy-sheteldik-saparyn-taezhikstannan-bastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев биылғы алғашқы шетелдік сапарын Тәжікстаннан бастады

![Тоқаев биылғы алғашқы шетелдік сапарын Тәжікстаннан бастады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_82012.jpeg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге келді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл — Қазақстан Президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қазақстан Президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның Президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

> — Ертең түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ. Сондай-ақ Мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді, — делінген хабарламада.
> 
> 
> 
> 
> Бұдан бөлек сапар бағдарламасына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады және Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен және Тәжікстанның премьер-министрімен кездесетіні айтылады.

---

Жарияланды: 2021-05-19T15:22:19+06:00

Жаңартылды: 2021-05-19T15:22:19+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/19/toqaev-biylghy-alghashqy-sheteldik-saparyn-taezhikstannan-bastady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.