---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/18/shqo-da-brakonerlerden-bir-zharym-tonnagha-zhwyq-balyq-taerkilendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШҚО-да браконьерлерден бір жарым тоннаға жуық балық тәркіленді

![ШҚО-да браконьерлерден бір жарым тоннаға жуық балық тәркіленді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/20210518_133659.jpg)

**Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері заңсыз түрде ауланған бір жарым тоннаға жуық балықты тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 16 сәуірден бастап өңірде браконьерлікке байланысты «Уылдырық-2021» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Су қоймаларында бақылау күшейтілді.

Тәртіп сақшылары Зайсан көлінің жағасындағы Қарсақбай ауылының маңында заңсыз балық аулаумен айналысқан азаматты ұстады. Азаматтың жеңіл қайығынан 5 қап түрлі балық табылды.

> — Ақмектеп ауылының 33 жастағы тұрғынынан 51 келі көксерке, 4 келі шортан, 64 келі табан және 17 келі алабұға балықтары тәркіленді. Осының салдарынан келтірілген шығын мөлшері 300 000 теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетелік, «Уылдырық-2021» жедел алдын алу шарасы аясында 239 рейд өткізіліп, 235 құқықбұзушылық анықталды. 1400 келіден астам балық тәркіленген. Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 700 000 теңгені құрады.

---

Жарияланды: 2021-05-18T07:38:03+06:00

Жаңартылды: 2021-05-18T09:59:57+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [браконьерлік](https://qazaqpress.kz/tag/brakonerlik/), [заң](https://qazaqpress.kz/tag/zang/), [су қоймалары](https://qazaqpress.kz/tag/sw-qojmalary/), [ШҚО](https://qazaqpress.kz/tag/shqo/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/18/shqo-da-brakonerlerden-bir-zharym-tonnagha-zhwyq-balyq-taerkilendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.