Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы маңындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды, салдарынан жеңіл автокөлік екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты кеше таңертең Көкөзек ауылының маңында болды. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген кадрларды әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.

Алматы облысының полиция департаменті жол апаты 17 мамырда сағат шамамен 10:00-де Қарасай ауданындағы «Жібек жолы — Елтай — Боралдай» автожолында болғанын хабарлады.

«HUALING» маркалы жүк көлігі кептеліс кезінде қашықтық сақтамай, «Мазда-626» автокөлігімен соқтығысты, кейін жеңіл көлік инерция бойынша алда келе жатқан VOLVO жүк көлігіне соғылды. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі зардап шекті, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді», — деді полицейлер.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу басталды.