---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/17/ulttyq-sanaq-qazaqstandyqtargha-qandaj-suraqtar-qojylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық санақ: Қазақстандықтарға қандай сұрақтар қойылады

![Ұлттық санақ: Қазақстандықтарға қандай сұрақтар қойылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210517094203910a3788602i.jpg)

**Биылғы 1 қыркүйекте басталатын ұлттық санақ Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылады, деп хабарлайды****Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім еткендей, санақ парақтарындағы сұрақтар саны айтарлықтай ұлғайтылған. Мұнда барлығы 67 сұрақ және оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақ бар.

> «Сұрақтардың аясын кеңейтуге Еуропалық санақшылардың 2020 жылғы тұрғын үй қорын және тұрғындар санағын жүргізу жөніндегі ұсыныстары мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеттің әдістемелік материалдары негіз болды.
> 
> 
> 
> 
> Сауалнама 73 сұрақ аясында жүргізілген 2009 жылдың ұлттық санағынан ерекшелігі, 2021 жылдың санағында көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілді. Сондай-ақ, БҰҰ-ның мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылды, мұнда мүгедектік критерийлерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген», — деді Ұлттық статистика бюросынан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде ұлттық санақ 2021 жылдың 1 қыркүйегі — 30 қазаны аралығында өтеді. 1 қыркүйекте sanaq.gov.kz арнайы сайты іске қосылады.

---

Жарияланды: 2021-05-17T06:34:26+06:00

Жаңартылды: 2021-05-17T07:27:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/17/ulttyq-sanaq-qazaqstandyqtargha-qandaj-suraqtar-qojylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.