Әсел Айтпаеваның ісі: полиция марқұмның туысын ұстады

Әсел Айтпаеваның ісі: полиция марқұмның туысын ұстады

Полиция Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбековті ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әсел Айтпаеваның ата-анасының Мейірбековке қатысты шара қабылдау туралы арызының негізiнде ҚР ҚК 128-бабы бойынша («Адам саудасы») сотқа дейінгі тергеп-тексерудi бастады.

Ауыр қылмыс жасады деп күдiктелетiн Мейірбеков ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінiң уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тергеу әрекеттерi жүріп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.